Саяси сахна

Қазақстан Ресеймен серіктестікке басымдық береді – президент

  • Қазақстан Ресеймен серіктестікке басымдық береді – президент

    Қазақстан Ресеймен серіктестікке басымдық береді – президент

Қазақстанның сыртқы саясаты көп векторлы және теңгерімді болып қала береді, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан сыртқы саясатта Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасқа басымдық береді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясына берген сұхбатында еліміздің сыртқы саясатының іргелі ұстанымдары – көпвекторлылық, теңгерімділік, конструктивизм екенін атап өтті.

"Мұндай сыртқы саясат, менің ойымша, біздің елдің геосаяси мәртебесіне сәйкес келеді. Оның үстіне географиялық орналасуына да қолайлы. Бірақ осы сыртқы саясат аясында біз Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарға басымдық береміз. Біз үшін бұл маңызды сәт", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстан саяси және өркениеттік өлшемдер бойынша Батыс пен Шығысты байланыстырушы функцияны атқаруға тырысатынын атап өтті. Еліміз бірқатар беделді еуразиялық құрылымның, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының, ЕҚЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің белсенді қатысушысы.

"Үш жыл сайын Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтеді. Біз өзімізді Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік сауда көпірі деп санаймыз. Қазақстан әрқашан екі құрлықты байланыстыратын көлік-коммуникациялық жобалар шеңберіндегі маңызды буын болуға ұмтылды", - деп еске салды Тоқаев.

Қазақстанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.  




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 03:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31