Саяси сахна

Қазақстанда 6 партия сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылады

  • Қазақстанда 6 партия сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылады

    Қазақстанда 6 партия сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылады

Екі айдан кейін елімізде екі бірдей маңызды саяси оқиға - парламент мәжілісі мен аймақтарда мәслихат сайлауы өтеді
Қазақстанда алты саяси партия тіркелген болса, бүгінде олардың барлығы сайлауалды съезд өткізетін күнді нақтылап үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партия өкілдері съездің күн тәртібінде - сайлау іс-шаралары мен тізім және бағдарламалар бекітілетінін растады.

11 қараша күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан коммунистік халықтық партиясының съезі өтеді.
18 қарашада "Ауыл" партиясының съезі өтеді. Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылатын шараға қатысушылар депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін, сондай-ақ партияның сайлауалды тұғырнамасын бекітеді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) съезі 13 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтеді.
"Адал" партиясының (бұрынғы "Бірлік") басқосуы 16 қарашада Нұр-Сұлтанда өтетіні жоспарланған.
"Ақ жол" партиясының сайлау алдындағы съезі 20 қарашада өтеді. Шешім партияның орталық кеңесінің пленумында қабылданды. Орталық кеңес съездің күн тәртібінің жобасын мақұлдады. Ол үш сұрақтан тұрады: партияның мәслихаттар мен парламент мәжілістеріне сайлауға қатысуы туралы, партиялық тізімдерді бекіту туралы, партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы туралы.
Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті, Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс ХХ съезін өткізу туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. Ол 2020 жылдың 25 қарашасында өтеді.
Сонымен қатар, Елбасы 2020 жылы 24 қарашада Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, бұған дейін орталық сайлау комитетінде барлық алты саяси партия - Қазақстандағы парламенттік сайлауға жіберілгені туралы хабарланған.

Сайлау өткізу қанша тұрады
Жалпы Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының бүкіл сайлау науқанын өткізуге шамамен 15,3 миллиард теңге қарастырылған.

ОСК мұндай қадамды "бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы ұтымды шешім" деп мәлімдеді. Өйткені үгіт-насихат жұмыстары бөлек жүргізілген жағдайда шығын көлемі 25 миллиард теңгені құрайтын еді.
 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31