Саяси сахна

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат 22-28 наурыз аралығында болған тағайындауларға шолу ұсынады.

 

Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген. 2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. 2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды. 2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 2019 жылдың тамыз айынан бері — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

 

*** ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Шойкин Ғалым ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ғалым Шойкин 1977 жылы Ақмола облысында туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. 2019 жылы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019-2020 жж. — ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры. 2020 жылғы мамырдан қазірге дейін ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары болды.

 

 

*** Кадрлық өзгерістерге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Тимур Жұмырбаев «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. «Adaldyq alany» жобасының кураторы ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы Серік Егізбаев белгіленді. Т. Жұмырбаев 1998 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Тимур Жұмырбаев 2016 жылы Қарағанды ​​облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» жастар ұйымын басқарды. 2018 жылы «Жаңғыру жолы» ҚХА Республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

*** Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Бауыржан Ғайса Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Челябі мемлекеттік агроинженер университетін «инженер-механик», 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «есеп және аудит бакалавры», 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттік экономика жоғарғы мектебін «Еуропа Одағындағы мемлекеттің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін - Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі. Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - іс басқарушы лауазымын атқарды. Осы тағайындауға дейін Зеренді ауданының әкімі лауазымында болды.

 

*** Осы аптада Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды. А. Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған, білімі жоғары. 1989 жылы Алматы құрылыс техникумын «Құрылыс», 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие»; 1999 жылы Талдықорған сыртқы заң институтын «Құқықтану», М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 2008 жылы «Құрылыс»; 2014 жылы «Құқықтану» (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап Тараз қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

 

 *** Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы қызметіне Азамат Рысжанов тағайындалды. Азамат Жақыпбекұлы 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары, құқық магистрі. Е.Букетов атындағы ҚарМУ және АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқыған. Алғашқы еңбек жолы ҚР Әділет министрлігіндегі басқармаларда сарапшы болудан басталған. 2020 жылдан бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етіп келген.

 

*** Петр Лежников БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды. Петр Станиславович 1974 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін математика, информатика және есептеуіш техника пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылдан БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

*** Ақтөбе облыстық​ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметіне Баянбек Қырықбаев тағайындалды. Б. Қырықбаев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін​ бітірген.​Еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте құқықтану пәнінің мұғалімі болып бастады. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін​ Ақтөбе облысы әкімі​ аппаратының өңірлік даму, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 

 

 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 17:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31