Саяси сахна

Қазақстанда “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заң енгізілмек

  • Қазақстанда “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заң енгізілмек

    Қазақстанда “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заң енгізілмек

2021 жылы Қазақстанда &ldquoБиологиялық қауіпсіздік туралы&rdquo заң әзірленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы Биологиялық қауіпсіздік туралы заң әзірленеді, - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
"Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты, 2021 жылы "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң әзірлеуіміз керек", - деді денсаулық сақтау министрі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ералы Тоғжановқа 2020 жылым санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту үшін санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылғанын, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің мәртебесі мен өкілеттігі артқанын
хабарлады.

Бұдан басқа, қызмет инфрақұрылымын жаңғырту және елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 55 млрд.теңгеге 2022&ndash2025 жылдарға арналған қосымша қажеттілік есебі жүргізілді. Қызметті цифрландыру тұжырымдамасы әзірленді, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Осы заңды іске асыру шеңберінде бақылау жүйесін жетілдіру үшін халық денсаулығын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қатерлер мен тәуекелдерге ден қою үшін 38 НҚА-ға түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 млрд.теңге сомасына 459 бірлік зертханалық жабдық және КВИ мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 бірлік мобильді кешен сатып алынды.

2022-2024 жылдары комитеттің аймақтық бөлімшелерінің 54 ғимаратына жөндеу жүргізіледі. 3 жаңа зертхана ғимаратын салу және Ұлттық сараптама орталығының 27 ғимаратын жөндеу жоспарланған. Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 64 бірлік автокөлік сатып алынады.




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30