Саяси сахна

Қазақстанда екі министрлік қайта құрылды

  • Қазақстанда екі министрлік қайта құрылды

    Қазақстанда екі министрлік қайта құрылды

Ішкі істер министрлігінің бірқатар өкілеттігі еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріне беріліп, олар қайта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

 
Құжатқа сәйкес, ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.

Бұл ретте заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстаннан кетуге және Қазақстанға келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер сол күйі ішкі істер министрлігінде қалады.

Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері денсаулық сақтау министрлігіне өтті.

Атап айтқанда:

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;

2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Президент үкіметке қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді тапсырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілетінін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс зерттеудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мекеменің әкімшілігіне тәуелді болмайды. Бұл заңсыз әрекеттерді жасыруға жол бермейді.




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 13:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30