Қазақстанда жеті өңірде прокурор тағайындалды

27 шілде 2022, 15:34

Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.

    Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.
    Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.
    Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
    Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.
    Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.
    Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.
Сондай-ақ, бас көлік прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов болды. 

sn.kz