Саяси сахна

Қазақстанда қандастарға азаматтық алу үшін мемлекеттік қызмет тәртібі жеңілдетілді

  • Қазақстанда қандастарға азаматтық алу үшін мемлекеттік қызмет тәртібі жеңілдетілді

    Қазақстанда қандастарға азаматтық алу үшін мемлекеттік қызмет тәртібі жеңілдетілді

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіле бастады. "Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметі қоныс аударушыларға қажет тағы үш қызметпен бірге көрсетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш бергеннен кейін "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу", "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", сондай-ақ "Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" қызметтерін пайдалана алады.

 
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімдері:

– қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні;

– қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 жұмыс күні;

– шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 күнтізбелік күн;

– Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 жұмыс күні.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Осы композиттік мемлекеттік қызметті алу мақсатында қандастарға бірыңғай тізбеге сәйкес тиісті құжаттарды ұсыну жеткілікті.




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 12:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31