Саяси сахна

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу заңдастырылады

  • Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу заңдастырылады

    Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу заңдастырылады

Қазақстанның еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілмек. Мәжіліс қашықтан жұмыс істеу бойынша түзетулерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді.

Уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу ұсынылады", - деді палата отырысында мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Жәмилә Нұрманбетова.
Ол заң жобасының қабылдануымен оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар күтілетінін атап өтті.
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын талқылауды бастады. Мәжіліс комитеті қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін дайындауды жоспарлап отыр.




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 11:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30