Саяси сахна

Қазақстанда кімдер мемлекеттік қызметке конкурстан тыс алынуы мүмкін?

  • Қазақстанда кімдер мемлекеттік қызметке конкурстан тыс алынуы мүмкін?

    Қазақстанда кімдер мемлекеттік қызметке конкурстан тыс алынуы мүмкін?

Сенат депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Қазақстанда шетелде докторантураны тәмамдаған және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген азаматтар мемлекеттік қызметке конкурстан тыс кіруі мүмкін. Жаңа норма сенатта бірінші оқылымда қабылданған мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасында көзделген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламасы бойынша оқыған, сондай-ақ, халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғаларға мемлекеттік қызметке конкурстан тыс кіру мүмкіндігін жасау керек. Конкурстан тыс кіру деген конкурстан өтпеу деген сөз емес. Олар президенттің жанындағы ұлттық комиссияның конкурсынан өтеді. Ол азаматтар егжей-тегжей тексеріліп, арнайы тексерулерден өтіп, содан кейін қабылдануы мүмкін", - деп түсіндірді мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов.


Сонымен қатар, заң жобасында тиісті өңірлік мемлекеттік органдардың басшысы лауазымына конкурстық іріктеуден ойдағыдай өткен кандидаттарды уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен келісу практикасын алып тастау қажеттігі қарастырылған.


"Себебі мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға сәйкес, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер тиісі лауазымға сөзсіз орналасу мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, азаматтардың сынақ мерзімін анықтау мен арнайы тексеруден өткізу шараларын конкурстан өтіп, жұмысқа кірген күннен бастап қатар бастауды ұсынып отырмыз", - деді ол.


Үшіншіден, мәжілісменнің айтуынша, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен емес жұмыстан босаған адамдарға жұмыстан шығарғаннан кейін тестен өтпей, 30 күн ішінде мемлекеттік қызмет конкурстарына қайтадан қатысуға мүмкіндік берілмек.


"Сондықтан бұрын мемлекеттік қызметте істеген, кейін қайтадан жұмысқа келген азаматтарға сынақ мерзімін қоймау жеңілдіктері көзделген. Төртіншіден, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға қатысу құқығын беру. Бесіншіден, мемлекеттік органдарға әрбір конкурсқа конкурстық комиссияны құрмай, тұрақты жұмыс істейтін комиссия құруға мүмкіндік жасау", - деп атап өтті Бектұрғанов.


Бұдан бөлек, заң жобасында бірінші басшылар үшін өздеріне тікелей бағынысты адамдарының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін дербес тәртіптік жауапкершілікті енгізу нақтыланады.


"Заң жобасы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға, конкурстық рәсімдерді жетілдіруге, мемлекеттік органдардың кадр мәселесін шешу жөніндегі мобильдікті арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін жоғарылатуға, кадр тапшылығын азайтуға ықпал ететін болады", - деді депутат.


Оның айтуынша, тек өткен жылдың ішінде мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқандар саны 53 мың адамнан асып, 24 мыңнан астамы тестілеуден өткен. Қызметтегі ауыспалық екі есеге азайып, негізінен, бірінші басшылар ауысқанда, басқа мемлекеттік органдардан ауыстыру ретімен келетіндердің саны 18 есе қысқарған.


Сенат депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 16:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31