Саяси сахна

Қазақстанда президент өкілеттігін кеңейту жоспарланып отыр

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Парламенттің төменгі палатасында төтенше жағдай туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды - құжат бойынша мемлекет басшысының өкілеттіктігі кеңейеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰЭМ басшысы Руслан Даленов атап өткендей, заң жобасының мақсаты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай кезінде жедел шаралар қабылдау мүмкіндігі болып табылады.

 

Құжат төтенше жағдай кезеңіндегі мемлекеттік басқарудың механизмін анықтайды. Заң жобасы тұңғыш рет төтенше жағдай бүкіл ел аумағын қамтыған кезде өзектілікке ие болып отыр.

 

Заң жобасының 15-тарауы бұрын болмаған екінші тараумен толықтырылған. Онда төтенше жағдай кезінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін президент салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңдардың, сондай-ақ халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, мемлекеттік сатып алулар және валюталық реттеу туралы заңнамалардың жұмыс істеу ерекшеліктерін белгілей алады. Әңгіме азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік меншікті қорғау, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін орындау саласы туралы болып отыр.

 

Сонымен бірге, заң жобасының 21-бабында төтенше жағдайды қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты қабылданған нормативтік құқықтық актілер тек төтенше жағдай енгізілген мерзімге ғана қолданылатыны айтылған.

 

Бұл құжаттар төтенше жағдайдың күші жойылғаннан кейін жарамсыз болып қалады. Заң жобасына төтенше жағдайдың уақыты аяқталуына сәйкес төтенше жағдай тәртібін бұзу туралы әкімшілік іс жүргізуді тоқтату нормасы енгізілді.

 




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 14:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30