Саяси сахна

Қазақстанда сайлау алдында дебат ұйымдастырылуы мүмкін бе

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Заңгерлер - әділ сайлау үшін» РҚБ құрамына кіретін заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев сайлау алдында ашық дебат ұйымдастыру ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Дебат - өте қызықты әрі саяси электоралды шара. Шетелдерде, әсіресе АҚШ-та дебаттың қалай ұйымдастырылатынын көпшілік білетін болар. Бізде ол сәл басқаша ұйымдастырылады - ұйымдастырушы ретінде Орталық сайлау комиссиясы бар. Комиссия кандидаттарды дебатқа шақырып, барлығына да сөз сөйлеу кезегін береді», - деді Марат Сәрсембаев тілшілермен кездесуде.


Сонымен қатар, заңгер заңнамада жазылғандай, ОСК белгілі бір адамға басымдық бере алмайтынын, бәріне тең қарайтынын атап өтті.


«Қандай да бір басқа ұйымдар дебатты ұйымдастыра алады» деген заңда жазылмаған. Оны қазіргі таңда тек ОСК өткізе алады. Дегенмен, қазақстандық заңдардың бірде-бірінде процеске қатысушылар, басқа саяси партиялар дебат өткізе алмайды деген қатаң тыйым да жоқ», - дейді Марат Сәрсембаев.


Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» РҚБ мүшелері тілшілермен кездесті. Жалпы, елімізде 3 мыңға тарта заңгер сайлаудың әділ өткізілуін бақылап отыр.


 




Көрілген: 867    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 20:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31