Қазақстандағы әкімдердің орташа жасы 52 жас – Зерттеу

26 шілде 2022, 11:14

Қазақстанда әкімдердің орташа жасы, ең жас және ең үлкен аймақ әкімдері аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

2022 жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша елдегі аймақ әкімдерінің орташа жасы 52,2 жасқа тең болған. 

Ең үлкен әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарып отыр. Ол – Даниал Ахметов. Әкім қазір 68 жаста. Бұл лауазымға 7 жыл 7 ай бұрын тағайындалған. 

Одан кейінгі орында жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев тұр, әкім қазір 59,6 жаста. Ал Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 58,7 жаста екен. 

Аймақ басшылары ішіндегі ең жасы – Мұрат Әйтенов, ол республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. 38 жасында қала әкімі болған Әйтенов қазір 40 жаста. 

Stan.kz