Саяси сахна

Қазақстандағы президент сайлауы: президенттікке үміткерлер 2 миллион теңге жарна төлейді

  • Қазақстандағы президент сайлауы: президенттікке үміткерлер 2 миллион теңге жарна төлейді

    Қазақстандағы президент сайлауы: президенттікке үміткерлер 2 миллион теңге жарна төлейді

Президент болуға үміткер болуға ниет білдіргендер сайлауға қатысу үшін жарна төлеуге тиіс. Оның көлемі екі миллион теңгеден асады. Сондай-ақ үміткерлер өз табыстарын жария етуге міндетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.


"Сайлау жарнасы ең төменгі 50 жалақы мөлшерін құрайды (ЕТЖ). ЕТЖ ағымдағы жылдың қаңтарынан бері 42 500 теңге көлемінде белгіленді. Олай болса, сайлау жарнасы екі млн 125 мың теңгені құрайды.

Сайлау жарнасы үміткер сайланған жағдайда немесе жалпы сайлауда 5%-дан көп дауыс жинаған жағдайда қайтарылады", - деп мәлімдеді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін ұсынылушылар ұсынылатын айдың бірінші күніндегі, яғни 2019 жылдың бірінші сәуірдегі жағдайы бойынша өзінің және жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын әкелулері тиіс.


Тапсырылған декларацияларда үміткерлердің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің жалған екендігі анықталған жағдайда орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді тіркеудің күшін жоя алады.


Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентіне үміткерді ұсынуға 19 күн берген болатын.




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 19:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31