Қазақстандағы референдум: exit poll нәтижесі шықты

06 маусым 2022, 00:07

Exit poll Қазақстандағы Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Exit poll нәтижесі бойынша:

 
"Иә" деп 76,7 пайызы;

"Жоқ" деп 23,3 пайызы дауыс берген. 

Еске салайық, 5 маусымда таңғы 07.00 мен 20.00 аралығында Конституциялық түзетулерге байланысты референдум өтті. 

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек болды.  

Tengrinews.kz