Саяси сахна

Қазақстандағы сайлау: Кім президенттікке үміткер бола алады?

  • Ақорда

    Ақорда

Қазақстандағы президент сайлауы 9 маусымға белгіленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуір күні мемлекеттік арналардың тікелей эфирінде осындай мәлімдеме жасап, соған сәйкес жарлыққа қол қойды. Конституция мен "Сайлау туралы" заң президенттікке үміткерлерге қандай талаптар қоятынын KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Еліміздің негізгі заңы Конституцияның 41 бабына сәйкес - Қазақстан Республикасының президентігіне тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған азамат сайлана алады.


Үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген және соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұруы тиіс. Сондай-ақ, болашақ президенттің жоғары білімі болуы керек.


Мемлекеттік тілді меңгеруін және республикада өмір сүрген уақыт мерзіміне қатысты ақпаратты ОСК-сы тексеретін болады.


Конституцияның 33 бабы президент бола алмайтын тұлғаларды атайды. Ондай тұлғалар сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.


"Сайлау туралы" заңда үміткерге қойылатын талаптар кеңейтіліп көрсетілген.


10-шы тарауында үміткер мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға тиіс деп жазылған.


Айта кететін жайт, 2017 жылы президентке үміткерлер өздерін ұсынуға тыйым салатын заңға қол қойылды.


Сондықтан да мемлекет басшысы болуға ниет білдіргендерді республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары ұсынуы керек. Үміткер ол бірлестіктің мүшесі болуға тиіс деген талап жоқ.

Ұйым тек бір үміткерді ұсына алады.


Тағы бір міндетті талап - үміткер медициналық тексеруден өтуі тиіс.


 




Көрілген: 813    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.04.2019, 16:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31