Қазақстандық әйелдер Бораттың фотосын өртеп, флешмоб бастады

28 қазан 2020, 15:26

Желіде он шақты әйелдің британдық комик Саша Барон Коэннің фотосын отқа жағып жатқан видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан әйелдердің аулада от жағып жатқаны көрінеді.

 
"Осы челленджді барлық Қазақстанға таратамыз. Бүкіл әлем "Борат" сияқты адамдар жануы керек екенін көру керек", - дейді олар.

10 шақты әйел Борат бейнеленген фотоны жанып кетпейінше, ұстап тұрады. Видео соңында әйелдер фильм авторлары барлық қазақстандықтардан кешірім сұрау керек екенін айтты. 

Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын әдейі тудырады, бұл фильм үшін ең жақсы жарна болады, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінде. 

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері мазаққа ілігеді. Наразылық нотасын жіберудің мәні жоқ, себебі оны кімге жіберу керек екені белгісіз. Шу көп болған сайын фильм авторлары да көбірек пайда табады. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы", - деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Айта кетейік, желі қолданушылары британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэннің «Борат-2» фильміне бойкот жариялауға шақырған петиция болатын.

Еске салайық, Amazon Prime Video қызметі YouTube-те әйгілі британдық сықақшы Саша Барон Коэн ойнаған "Борат" комедиясының алғашқы трейлерін жариялаған еді.