Саяси сахна

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгерді

  • Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгерді

    Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгерді

Ресей ел аумағына кіре алатын қазақстандықтар тізімі кеңейтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресей сыртқы істер министрлігінің консул департаменті хабарлауынша, Ресей Федерациясы үкіметінің 2020 жылдың 16 наурызындағы өкіміне толықтырулар енгізілді. Өзгеріске сәйкес, Ресей азаматтарының отбасы мүшесі болып табылатын шетел азаматтары, Ресейге жақын туыстарына күтім жасауға баратын шетелдіктер немесе Ресейде тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге өзімен бірге жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларын кіргізуге мүмкіндік беріледі.
Ерлі-зайыпты, ата-аналар, балалар, аға-інісі мен әпке-сіңлісі, атасы, әжесі, немересі, асырап алушылары, асырап алынғандар отбасы мүшесі саналады.

Сондай-ақ жақын туысының қайтыс болуына байланысты Ресейге келетін шетелдіктерге жұбайы мен кәмелетке толмаған баласымен бірге кіруге рұқсат етіледі.

Мысалы, егер Ресей азаматының Ресейге келгісі келетін шетелдік ағасы болса, ол енді отбасымен бірге бара алады.

Сонымен қатар үкіметтің 2020 жылдың 17 наурызында өкіміне толықтырулар енгізілді. Енді Ресей Федерациясынан Ресей азаматтарының жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларына, олармен бірге шет мемлекетке баруға рұқсат етіледі:

жақын туысының қайтыс болуына байланысты;
емделу мақсатында;
күтімге мұқтаж науқас жақын туыстарына;
отбасы мүшелері тұратын жеріне;
шет мемлекеттің аумағында еңбек етуге байланысты;
шетелдік білім беру ұйымдарында білім алу үшін.
Мысалы, енді ресейлік Қазақстанда тұратын әпкесіне баратын болса, жұбайы мен кәмелетке толмаған баласымен бірге шекарадан өте алады.




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 12:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31