Саяси сахна

Қазақстанның 13 аймағы қала мәртебесінен айырылады

  • Қазақстанның 13 аймағы қала мәртебесінен айырылады

    Қазақстанның 13 аймағы қала мәртебесінен айырылады

Қазақстандағы 13 елді мекеннің мәртебесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы сенат депутаты Нұрлан Бекназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар 48 қаланың 13-і халық саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді. Яғни, аудандық маңызы бар қалаларда адам санының аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажеттілігі туындайды. Алайда қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қала мәртебесін ауыл санатына ауыстыру қарастырылмаған", - деді депутат сенат отырысында.

 
Сенатор аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге қайта құру құзыретін анықтайтын заңдарға түзетулер енгізу жоспарланып отырғанын түсіндірді.

Бұған дейін Парламенттің "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға түзетулер енгізілгенін хабарлаған болатын.

Заң жобасында:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне беру;

- 400 мыңнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемдерін нақтылау;

- үкіметтің ұсынысы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру туралы шешімдер қабылдауға президентке өкілеттік беру;

- республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру идеясын президентке енгізу үшін үкіметке жаңа құзырет беру.

Сенаторлар "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға енгізілген түзетулерді бір ауыздан қолдап, заң мақұлданды. 




Көрілген: 1033    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31