Саяси сахна

Қазақстанның белсенді жастары саяси күреске білек сыбана кірісуде

  • Қазақстанның белсенді жастары саяси күреске білек сыбана кірісуде

    Қазақстанның белсенді жастары саяси күреске білек сыбана кірісуде

Президент сайлауы тұсында белсенген жастар Парламент сайлауы жақындаған сайын саяси күреске білек сыбана араласа бастады. Күні кеше Жанболат Мамай партия құратынын мәлімдесе, қазір өзге қозғалыстар да саяси ұйым құруға әрекет етіп жатыр.

Ал ресейлік және армениялық сарапшылар жастардың саясаттағы орны мен әрекеттері жайында тәжірибемен бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасап.


Жастар үшін өзгеріс жасадық деген армениялық сарапшы соңғы он жылда бірнеше қозғалыс құрылғанын айтады. Ал жай ғана саяси қарсылықпен ештеңе өзгермейді деген ол, соңғы толқуда алаңда шыққан жастар ештеңеден қаймықпай өз талаптарын қойды дейді.


Нәтижесінде қазір Армения мемлкетінде бірнеше министрдің жасы қырыққа да толмаған екен.


Ал Ресейде жастардың қарсылығы Армениядағыдай емес.


Саясаттанушы Досым Сәтбаев Қазақстандағы жастар қозғалысына бірігуге кеңес берді.


"Жастар үшін ең маңыздысы қазір бірігу. Жастар қозғалысы да аға-буынның үнемі қырқысуынан шаршаған соң құрылды. Сол үшін жастар қозғалысы ортақ мүдде жолында бас қосу керек. Сол кезде ғана билік сіздермен санасады. Салмақты ойыншы ретінде қабылдайды", - дейді Досым Сәтбаев.


2019 жылдың 19 наурзынан кейін бүкіл қоғам саясиланып кетті дейді сарапшы. Ал Қазақстан жастар сайлауда бақылаушы болғаннан кейін ояна бастады деген пікірде. Сондай белсенді топтың бірі "Республика" қозғалысын құрды.




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.10.2019, 19:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30