Саяси сахна

Қазақстанның бұрынғы көлік және коммуникация министрі дүниеден озды

  • Қазақстанның бұрынғы көлік және коммуникация министрі дүниеден озды

    Қазақстанның бұрынғы көлік және коммуникация министрі дүниеден озды

Қазақстанның бұрынғы көлік және коммуникация министрі Серік Әлиғожинов өмірден озды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Серік Әлиғожинов 3 қазанда 77 жасында дүниеден өтті. Ол 1994 жылдың қазанынан 1995 жылдың желтоқсанына дейін көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды.

 
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы "ҚАО" басқарма төрағасы, бұрынғы көлік және коммуникация министрі Серік Қарабатырұлы Әлиғожиновтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - делінген министрлік хабарламасында.

Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодардағы 2564 автотізбек механигінен Қазақстанның көлік және коммуникация министріне дейін көтерілген.

Зейнетке шыққаннан кейін Қазақстан автокөлік одағының басшысы болды.

Еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО халықтарының достығы орденімен, Қазақстанның "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Павлодар қаласының құрметті азаматы атанды.




Көрілген: 1528    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 13:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31