Саяси сахна

Қазақстанның Кабулдағы елшілігін Тәліптер күзетіп тұр - СІМ

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин ОКҚ өткен онлайн-брифингте қазақстандық билік пен тәліптер арасында (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) байланыс бар ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Ақан Рахметуллиннің сөзінше, "Талибанның" Кабулда екенін мойындау керек.

 

"Бұл бүгінгі күннің шындығы. Бізге осы шындықпен жұмыс істеп, бұл елмен әрі қарай әріптестік жүргізуіміз керек. Байланыс дегенге келсек, нақты саяси не басқа деңгейде байланыс болған жоқ. Біздің Кабулдағы елшіліктің ақпаратынша, тәліптер Кабулды алып, қалаға кірген кезде олардың бір бөлігі біздің елшілік орналасқан аумақты басып алған. Елші сыртқа шыққанда жергілікті күзет пен полиция болмаған. Елші тәліптермен сөйлескен. Олар "Сіздер кімсіздер? Қандай елшілік?" деп сұраған. Елші бұл Қазақстан елшілігі екенін айтқан. Сол кезде олар "Ештеңеден қорықпаңыздар, жұмысты жалғастыра беріңіздер, сіздерді біз күзетеміз" деген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетіп отыр. Әзірге тек осы деңгейде ғана байланыс болды", - деді Рахметуллин.

 

Еске сала кетсек, Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысты еліміздің ұстанымы қандай екенін айтты.

 

Вице-министр Ақан Рахметуллиннің сөзінше, Қазақстан өзге елдер секілді әзірге Талибанды мойындамай, жағдайды бақылап отыр.

 

 




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 11:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31