Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Бұған дейін Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған. Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Үйленген, үш қызы мен бір ұлы бар.
Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды
14 қараша 2018, 19:14
