Саяси сахна

Қазақстанның Одақтық мемлекеттерге қосылу жоспарында жоқ - Тоқаев

  • https://www.kp.kz/

    https://www.kp.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольской правда" басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресей және Беларусь Одақтық республикаларына қосылу жоспарда жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты формат бойынша да, интеграциялық байланыс аясында да серіктестік орнатады (ЕЭО, ҰҚК, ТМД). Бізде Ресей және Беларусь Одақтық мемлекеттеріне қосылу жоспарда жоқ. Басты бағыт - аталған ұйымдар шеңберінде интеграцияны одан әрі дамыту", - дейді Тоқаев.

 

Тоқаев Қазақстан үшін ЕЭО экономикалық одақ ретінде әлеуетін күшейтуді ұсынатынын жеткізді.

 

"Біз Еуразиялық экономикалық одақты жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыт бойынша жұмыстар кезеңімен жүріп жатыр. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық, қаржылық нарық болады. Цифрлық қарым-қатынас перспективалық бағыт", - деді Мемлекет басшысы.

 

Президент қазақстандықтар үшін Ресей ең жақын мемлекет болып қала беретінін атап өтті.

 




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31