Саяси сахна

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

  • https://elbasy.kz/

    https://elbasy.kz/

Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуы, қаланы газдандыру үдерісі, тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, сондай-ақ қоғамдық жерлерді абаттандыру туралы ақпарат берілді. 

 

– Қолжетімді баспана салу көлемі жыл санап артып келеді. Биыл 10 мыңға жуық пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 42 мың оқушыға арналған 16 мектеп салынады, – деді А.Көлгінов.

 

Сонымен бірге қала әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың «жасыл белдеуін» дамыту жоспары, қала аумағы мен саябақтарды көгалдандыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.

 

 

Анықтама үшін:

 

2012-2020 жылдары «жасыл белдеуде» 8127 гектар жерге 3 174 342 дана ағаш көшеті отырғызылды. Оның 59,3 пайызы жапырақты, 40,7 пайызы қылқан жапырақты ағаш. 636,6 гектарға көпжылдық шөп егілді. 2021 жылы «жасыл белдеуге» 900 мыңға тарта көшет отырғызу жоспарланған. Қала ішінде 100 мыңға  жуық ағаш, көшет, бұта егіледі.

 

 

elbasy.kz




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30