Қазақстанның сыртқы істер министрі және премьер министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді ресейліктердің Қазақстанға келу ағыны азайғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Федерациясында мобилизация жарияланғаннан бастап Қазақстанда ресейліктердің ағыны байқалады. Ішкі істер министрлігі мәліметтері бойыншанің, 21 қыркүйектен бастап елге 200 мың Ресей азаматы кірді.
"Кеше Ресейден көшу деңгейі төмендеді. Қазақстанға көшіп келушілерден кетіп жатқандардың саны асып түсті", - деді сыртқы саяси ведомствосының басшысы.
4 қазанда ішкі істер министрі Марат Ахметханов Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келіп, 147 мың Ресей азаматы елден кеткенін хабарлады.