Саяси сахна

"Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесемін": Путин Назарбаевқа уәде етті

  • "Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесемін": Путин Назарбаевқа уәде етті

Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстан халқына Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде етті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Елбасының Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары барысында маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі – қазақ халқы үшін киелі артефакт болып саналатын Кенесары ханның сүйегін табу және Қазақстанға қайтару. Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы жұмысқа ықпал етуді сұрады", - дейді Үкібай.

 Назарбаев қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегін тауып, туған жерінде жерлеу өте маңызды екенін жеткізген. Сонда оның жаны жай табатынын айтты.

"Владимир Владимирович Путин Қазақстанның тұңғыш президентіне ресейлік тарап жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады. Путиннің айтуынша, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады", - деп атап өтті Елбасының баспасөз хатшысы.




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 14:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30