Кімдер Қазақстан президентігіне үміткер бола алады?

22 қыркүйек 2022, 14:53

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров заң бойынша Қазақстан Президенттігіне кімдер үміткер бола атанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар мынадай: 

 

- тууы бойынша азаматтығы;

 

- кейінгі 15 жылда Қазақстанда тұруы;

 

- жоғары білім;

 

- 40 жастан жоғары;

 

- белсенді сайлау құқығына ие болу;

 

- мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

 

- мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. 

 

"Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі", - дейді Петров.

 

Ол бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңге екенін түсіндірді. Сайлау жарнасы кандидатқа, егер ол лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың барлығынан кемінде 5 пайыз алса, қайтарылады.