"Кінәлілер бірі қалмай жазаланады": Мәжіліс төрағасы "Алтын Орда" базарындағы былық туралы айтты

27 сәуір 2022, 13:16

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарындағы проблемаларды айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алтын Ордаға" қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім болады деп ойлаймын, бірақ шешімді күту керек. Көріп отырсыздар, бірі қалмай жазаланатын болады. Біреу қылмыс жасаса, осы базардың иесі немесе басшысы жазаға тартылады", - деді Ерлан Қошанов

Ақпанның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. 

"Тағы бір мәселені айтқым келеді. Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда "Алтын Орда" базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.