Саяси сахна

Көлгінов Тоқаевтың алдында маңызды мәселені көтерді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Астанадағы ескірген Орталық теміржол ауруханасының жаңа ғимараты бой көтереді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Денсаулық сақтау саласында проблемалар баршылық. Қазір ең басты мәселе – 1959 жылы салынған Орталық теміржол ауруханасы болып тұр. Аурухана әбден ескірген, жабдықтардың 45 проценті тозған. Корпус апатты жағдайда", - деді Көлгінов астананы одан әрі дамыту жөніндегі жиында.


Әкім үкіметтік деңгейде түркиялық инвестормен кездесу өткенін атап өтті. Айтуынша, шетелдік инвестор өз ақшасына жаңа ғимарат салуға ниет білдірген.


"Жер телімін анықтадық, саяжайларды сүреміз. Келесі жылы инвесторға аумақты дайындап қоямыз. Ол салуға дайын. Бұл бізге ауруханадағы 600 орынның мәселесін шешуге көмектесер еді", - деді ол.


Сондай-ақ, қала басшысы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығына тоқталды.


"2018 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы 76,2 жас. 1998 жылмен салыстырғанда, он жылға артқан", - деді Көлгінов.


Бұдан бөлек, үш жыл ішінде негізгі көрсеткіштер төмендеген, атап айтсақ, сәби өлім-жітімі, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған.




 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 15:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31