Саяси сахна

Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті

  • Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті

    Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті

Сенбі күні елордадағы жылу электр орталығының жұмысымен танысқан әкім бүгін жедел жәрдем станциясына барды. Нұр-Сұлтан қаласының басшысы Алтай Көлгінов жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, дәрігерлерді медицина саласы қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады.


Елорда әкімінің айтуынша, қалада 20 мыңнан астам дәрігер қызмет етеді. Олардың бір мыңы жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді.




"Станцияда қажетті жағдайдың барлығы бар. Жақында тағы қосымша 52 жедел жәрдем көлігі пайдалануға беріледі. Мұндағы дәрігерлер жылына 800 мың, күніне 2000-нан аса адамға қызмет көрсетіп отыр. Бұл айтарлықтай салмақ, үлкен еңбек", - деп жазды Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында.


Сондай-ақ, ол барша медицина саласының қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.


15 маусым, сенбі күні қала әкімі 2-ші жылу электр орталығының жұмысымен танысып, алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылаған болатын.


Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі етіп тағайындады. 




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.06.2019, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30