Саяси сахна

«Көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз»: Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайтын болды

  • «Көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз»: Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайтын болды

    «Көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз»: Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайтын болды

Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған.

Еліміз бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр. Бұл туралы atameken business арнасына эксклюзивті сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек.

Осылайша, Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.

«Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне нота дайындап жатырмыз. Онда біздің арыз-талабымыз айтылады. Өйтуге толық құқығымыз бар. Онда біз келтірілген көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз. Сондай-ақ, бұл су қоймасын қайтадан салмауды сұраймыз. Себебі, бұл нысан барлық халықаралық ережелерге қарама-қайшы бой көтерген», - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Сергей Громов. 




Көрілген: 772    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 09:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30