Саяси сахна

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға Шенген визасы берілмейтіні рас па?

  • Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға Шенген визасы берілмейтіні рас па?

    Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға Шенген визасы берілмейтіні рас па?

Бұдан былай Шенген визасын алу үшін Pfizer немесе Moderna вакцинация белгісі бар «вакциналық еуропаспортты» ұсыну қажет болады.

Қазақстандықтар Еуроодақтың жаңа ереже енгізетіні туралы жаңалықты талқылауда. Айтуынша, бұдан былай Шенген визасын алу үшін Pfizer немесе Moderna вакцинация белгісі бар «вакциналық еуропаспортты» ұсыну қажет болады. Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz

«Еурокомиссияның, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропарламенттің ресми сайттары қаралды. «Вакциналық паспорттар» деп аталатын құжатты енгізу туралы ақпарат табылған жоқ. Қазақстан бойынша Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің кураторымен телефон арқылы сөйлестік, ол қазіргі уақытта ЕСІҚ-да мұндай ақпарат жоқ екенін, осы тақырыпта қандай да бір ресми талқылаулар өткізілмегенін хабарлады», &ndash делінген ведомство хабарламасында.

Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілі алдағы 2-3 айда Шенген визасын алу үшін талап өзгермейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, «ковид паспортын» енгізу үшін ЕуроОдаққа мүше 27 ел мәселені талқылап, келісілген шешім қабылдауы керек. Алайда, бұл көп уақытты қажет ететін процесс.

«Жоғарыда айтылғанды және осы ақпараттың (дереккөзге қандай да бір сілтемесіз) БАҚ-тан емес, «Мастер пера» телеграм арнасынан алынғанын назарға ала отырып, ол шындыққа жанаспайды деп санаймыз», &ndash делінген ҚР СІМ хабарламасында.




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 21:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31