Саяси сахна

Көшербаев: Шымкенттің бұрынғы әкіміне деген сенім жоғалды

  • Көшербаев: Шымкенттің бұрынғы әкіміне деген сенім жоғалды

    Көшербаев: Шымкенттің бұрынғы әкіміне деген сенім жоғалды


Президент әкімшілігі жетекшісі Қырымбек Көшербаев Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.



 


 

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: elitar.kz, toppress.kz

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: elitar.kz, toppress.kz


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір бастысы – халық пен билік арасындағы диалог.Сіздер жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігі тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өкінішке қарай, ол соны жеткілікті түрде түсіне алмады", - деді Қырымбек Көшербаев.

Ол Түркістанды қайта жаңғырту, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанда, халық биліктің көмегіне зәру болғанда, Әбдірахымовтың әр қадамы БАҚ беттері мен желіде, ғаламторда көрініс тауып отырғанын мәлімдеді.


"Ондай әрекет мемлекет басшысы қойып отырған талаптарға сай келмейді және биліктің беделін төмендетеді. Қазір Әбдірахымовқа деген сенім жоғалды", - деді президент әкімшілігі жетекшісі.

Сонымен бірге, Көшербаев өз сөзінде халық биліктен адал қызмет етуді талап ететінін атап өтті.


"Өңірлердің басшылары халыққа адал қызмет ету керек және өздерін қалай ұстауды білу керек", - деді Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, бүгін Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен кеткен еді.


Оның орнына қала билігі тізгінін Ерлан Айтаханов алды.






Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 20:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31