Саяси сахна

Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі: Білім министрі Тоқаевтың жазбасына жауап берді

  • Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі: Білім министрі Тоқаевтың жазбасына жауап берді

    Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі: Білім министрі Тоқаевтың жазбасына жауап берді



Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысының Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты желідегі жазбасына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі: Білім министрі Тоқаевтың жазбасына жауап берді


Еске сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектептің мәселесін шешуді тапсырған еді. 


Өз кезегінде білім министрі аталған мәселеге қатысты тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қостанай қаласындағы қазақ мектебі мәселесіне қатысты берген тапсырмасына сай тиісті шаралар қабылданды.


Мектеп өз жұмысын жалғастыра береді. Материалдық базасы жақсартылады. Сараптама жұмыстарының нәтижесіне қарай, қажет болса жөндеу жұмыстарын да жүргізетін боламыз», - деп жазды Аймағамбетов Facebook желісінде.


Сонымен қатар, министрдің сөзінше, Қостанай қаласында 1 қыркүйекке дейін тағы бір қазақ мектебін ашу жұмыстары жүргізілуде.


«Министрлік аталмыш мектепке қатысты мәселені арнайы бақылауда ұстайтынын xабарлаймын», - дейді білім министрі.


 



 

 




Көрілген: 752    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 23:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31