Саяси сахна

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды

  • https://primeminister.kz/

    https://primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу осы жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін өткізіледі. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көбірек (117 мың) оқушы қатысады. ҰБТ-ны өткізетін 161-ге жуық пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды, қадамдық нұсқаулық қабылданды.

 

ҰБТ дәстүрлі тәртіпте, алайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін 5 зарарсыздандыру шарасы қолданылады, атап айтсақ: тест тапсырушының дезинфекциялау тоннелі арқылы өтуі, аяқ киімді арнайы дезинфекциялаушы кілемшеде өңдеу, қолды санитайзермен тазалау, температураны өлшеу, бір рет қолданылатын маска ұсыну. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі бойынша тест тапсырушылар арасындағы арақашықтық кемінде 2 м-ді құрайтын болады.

 

«Барлығы тыныш жағдайда өтуі керек, түлектер назарын тек тестке аударуы тиіс. Дәстүрлі түрде ата-аналар үшін тестілеудің онлайн таратылымын ұйымдастыру керек, осылайша ҰБТ үдерісінің ашықтығы мен айқындылығы қамтамасыз етіледі», — деді А. Мамин.

 

Үкімет басшысы білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктеріне және өңірлер әкімдіктеріне ҰБТ-ны сапалы өткізуді және санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ҰБТ-ны қазіргі жағдайда өткізу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

 

Өңірлердің әкімдіктеріне тест тапсыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалдау нормаларын сақтай отырып, түлектерді тасымалдауды ұйымдастыру, ҰБТ өткізу пункттерінің алдында адамдардың жаппай жиналуын болдырмау тапсырылды.

 

primeminister.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31