Саяси сахна

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (ИАЖК) отырысында салық саясаты мәселелері және оның Қазақстандағы инвестициялық ахуалға ықпалы қаралды.

 

Салық салудың шетелдік тәжірибесі мен оның қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастырудағы және экономикалық бәсекелестікті дамытудағы рөлі, сондай-ақ Қазақстанда салықтық әкімшілендіру мен фискалды саясаттың ілгерлемелі әдістерін іске асыру бойынша ұсыныстар туралы Қазақстанда аккредиттелген Ұлыбритания елшісі М. Гиффорд, Канада елшісі Н. Бруссо, Еуропалық одақ елшісі Свен-Олов Карлссон, АҚШ елшілігінің істеріндегі уақытша сенімді өкіл Т. Люнг, сондай-ақ инвестициялық қауымдастықтың – EY, Deloitte, PwC, Heidelberg Cement компанияларының өкілдері баяндады.

 

Қазақстанда жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру реформасы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов сөйледі.

 

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 4,5%-ға өсті. Өсім негізінен шикізаттық емес салалар – құрылыс (12,9%), сауда (7,6%), көлік (5,1%), өңдеу өнеркәсібі (4,4%) есебінен қамтамасыз етілді. Елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $25 млрд дейін ұлғайды. Халықтың нақты табысы 5,5%-ға артты, инфляция жоспарлы дәлізде сақталып, 5,4% құрады. Әлемдік экономиканың кезеңдік бәсеңдеуі мен Қытайдағы ахуалға байланысты тәуекелдер жағдайында белгіленген даму трендін сақтау мен нығайту біздің басымдығымыз болып қала береді», — деді А. Мамин.

 

Премьер-Министр экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі, іскерлік ахуалды жақсартудағы, халықтың жұмыспен қамтылуын арттырудағы және инвестиция тартудағы тиімділігін арттыру мақсатында ҚР-да жүргізіліп жатқан салық жүйесінің реформасы туралы айтып берді.

 

«Біз Қазақстанның халықаралық позициясын нақты әрі айқын салық жүйесі бар, сенімді және болжамды инвестициялық бағыт ретінде одан әрі нығайту туралы ұсыныстардың тиімді орындалуын қамтамасыз етеміз», — деп түйіндеді А. Мамин.

 

primeminister.kz




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30