ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

01 мамыр 2022, 13:23

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«Қымбатты отандастар!

 

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

 

Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі.

 

Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы. 

 

Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез келген қиындықты еңсеруге болады.

 

Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды.

 

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!»