Саяси сахна

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордада ірі көлік жобаларының құрылысы барысымен танысты

  • Фото: primeminister.kz

    Фото: primeminister.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік–Батыс айналма жолы» жаңа автомагистралі Елорданы дамытудың бас жоспарында қарастырылған К-1 айналма жолының бөлігіне айналады, ол ұзындығы 87 шақырым болатын қала маңындағы айналма жолды тұйықтайды.


Айналып өтетін трассаның жалпы ұзындығы 3 көпір мен 4 көлік жобасын қоса алғанда 34 шақырымды құрайды. Бұл қала арқылы транзитпен, елорданы айналып өтетін автокөлік құралдарының ағынын бағыттауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жүк автокөлігін қала сыртына шығарады, елордадағы көлік ағынын азайтуға жол ашады. Айналма трассалар бойынша қазіргі ағын 50%-ға оңтүстік-батыс айналма жолына өтуі мүмкін екені болжанған. Жол бойында логистикалық орталықтар мен жол бойы сервисінің нысандары салынады.



«ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша, нысан құрылысында 800-ден астам адам жұмыс істейді, 500-ге жуық техника тартылған.


ҚР Премьер-Министріне барлық жоспарланған жұмыстардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны жəне биыл автожолдың барлық ұзындығында қозғалыс ашылатыны баяндалды. Асқар Мамин мердігер ұйымдардың назарын атқарылып жатқан жұмыстардың мерзімі мен сапасын сақтау қажеттігіне аударды.


ҚР Үкіметінің басшысы айналма жол айрығынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық əуежайына дейінгі учаскедегі Қабанбай батыр даңғылын реконструкциялау жоспарларымен танысты. 6,4 шақырым ұзындығы бар автожолдың аталған учаскесін алты жолақты ету көзделген. Жұмыстар 2020 жылы басталады, қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздеме жəне жобалық-сметалық құжаттама əзірленуде.


Бұған қоса, жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Премьер-Министрі жаңа көлік жүйесін іске асыру барысын тексерді, оны іске қосу 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған.


 primeminister.kz




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 17:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31