Саяси сахна

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.

 

Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды.

 

Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және биылғы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп көзделген.

 

 

А. Мамин Конгресс-холлдың, 7 мың орынға шақталған стадионның, Оқушылар сарайының, бассейні бар спорт кешенінің, аттракциондары бар қала саябағының, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, «Ұлы дала елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің және Тұңғыш Президент саябағының құрылыс алаңдарында болып, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді.

 

 

Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салып жатқан «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Аталған барлық қонақ үй-туристік нысандарын осы жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

 

 

Премьер-Министрге «Әзірет Сұлтан» музей-қорығын абаттандыру жоспары таныстырылды.

 

primeminister.kz

 


 




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 17:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30