Саяси сахна

ҚР Президенті Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатына қатысты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық жас келген. Салтанатты рәсім «ArtHUB» Шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылатын павильонда өтіп жатыр. Павильонның жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метрді құрайды. «ArtHUB» жастар жасаған art-инсталяциялармен LOFT форматында жасақталған және тақырыптар бойынша аймақтарға бөлінген.


Айта кетейік, 2019 жыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бастамасымен Жастар жылы деп жариялап, Үкімет оны жүзеге асырудың Жол картасын қабылдаған еді. Жол картасында жастарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім алу, жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, жас отбасын қолдау және сынды шаралар қарастырылған.


2019 жылы 3 мың жас Қазақстанның үш ірі қаласында, Нұр-Сұлтанда - 1050 пәтер, Алматыда - 1050 пәтер, Шымкентте 900 жалдамалы тұрғын үй алды. 3 мыңнан астам жас маманға 13,5 млрд теңгеге тұрғын үйге бюджеттік несие берілді. «Дипломмен ауылға» жобасының қатысушыларына 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (3 787 500 теңге) бюджеттік несие беру қарастырылған.


Сонымен қатар биыл«Жас кәсіпкер» және «Жас маман» жобаларын қамтитын «Жастар Ел-тірегі» жобасын жүзеге асыру басталды. Аталған жобалар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.


Мемлекеттік қолдау шараларымен 209 мыңнан астам жастар қамтылды. Олардың 172 мыңы жұмысқа орналастырылды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 20 мың жас маман оқытылды. 2019 жылы 9,5 мың жас жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға грант алды. Жыл сайын 10 мың жас грантқа ие болады. 2,5 мың жас кәсіпкерге өз ісін дамыту үшін шағын несие берілді. Үш жылдың ішінде 15 мың адамға шағын несие берілетін болады.


«Жасыл ел» жобасы аясында 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл 33 мыңға жуық жас жастар практикасына жіберілді. Жастар жылында ҚР Білім және ғылым министрлігі 53 755 грант бөлді. Бұл ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген әрбір екінші үміткерге ЖОО-ға түсуге мүмкіндік берді.


Ғылыми әлеуетті дамыту мақсатында Білім және ғылым министрлігіндегі Ұлттық ғылыми кеңес арқылы жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруға 3 миллиард теңге бөлінді. 2019 жылы жастарды қолдауға бағытталған 2,8 млрд теңге сомасына 56 гранттық жоба жүзеге асырылды. Жалпы, гранттық жобалар бойынша 2 миллионнан астам жас мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.


 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.12.2019, 13:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31