Саяси сахна

ҚР Президенті Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына қатысты түсінік берді

  • ҚР Президенті Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына қатысты түсінік берді

    ҚР Президенті Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына қатысты түсінік берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірнеше күн бұрын Қазақстан өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын Екінші факультативті хаттамаға қосылды. Бұл, Конституцияға толығымен сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізуді қажет етпейді. Себебі, өлім жазасына кезінде ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған мараториймен тыйым салынған. Сондықтан өлім жазасы біздің елімізде жоқ. Конституцияда белгіленген екі жағдай ғана бар және ол толығымен Факультативті хаттамаға сәйкес келеді», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына қатысты түсінік берді 2020 жылғы 25 қыркүйек 17:50Бөлісіңіз: АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Пандемияның бірінші толқынынан жақсы сабақ алдық &ndash ҚР Президенті ҚР СІМ Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына қатысты түсініктеме берді Ерлан Қарин: Өлім жазасын алып тастау - қылмыс заңнамасын ізгілендіруге бағытталған шара Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Қазақстандағы ауқымды реформалар жайында айтты «Бірнеше күн бұрын Қазақстан өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын Екінші факультативті хаттамаға қосылды. Бұл, Конституцияға толығымен сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізуді қажет етпейді. Себебі, өлім жазасына кезінде ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған мараториймен тыйым салынған. Сондықтан өлім жазасы біздің елімізде жоқ. Конституцияда белгіленген екі жағдай ғана бар және ол толығымен Факультативті хаттамаға сәйкес келеді», - деді Мемлекет басшысы. Еске салайық, 23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қойды. Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жариялады. Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның аталмыш халықаралық пактіге қосылуына қатысты түсініктеме берді. 25 қыркүйек күні Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Қ.Тоқаев шаһарға сапарын И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалынан бастады. Сондай-ақ Алматының Индустриялық аймағында болды.
ҚазАқпарат.




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31