Саяси сахна

Қ.Тоқаев «Deutsche Welle» телерадиокомпаниясына сұхбат берді

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Канцлер Ангела Меркельмен жүргізетін алдағы келіссөздер, екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы жөнінде айтты.

– Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі. Германияның Орталық Азия елдерімен жасайтын сауда-саттығының 86 пайызы Қазақстанға тиесілі. Сапар барысында құны шамамен екі миллиард доллар болатын келісімдер мен меморандумға қол қойылады деп үміттенемін.

Жалпы, Қазақстан мен Еуропалық одақтың қарым-қатынастары өте жақсы. 2018 жылы Қазақстанның Еуроодақпен жасаған сауда көлемі 37 миллиард доллардан асты. Бұл – еліміздің бүкіл сыртқы сауда айналымының жартысы. Біздің экономикамызға салынған Германия инвестициясының 80 пайыздан астамы шикізат емес секторға тиесілі. Бұл өте маңызды.

Германия машина жасау, ресурстық материалдарды өңдеу және басқа да салалар бойынша әлемдік көшбасшы саналады. Сондықтан біз бұл елмен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Барлық мүдделі салаларды әлеуеті зор неміс инвесторларына ұсынатын боламыз. Сонымен қатар оларға ерекше жағдай жасап, оншақты арнайы экономикалық аймағымыздан орын береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның ішкі саясатына қатысты да бірқатар мәселе сөз болды. Атап айтқанда, саяси жүйе және экономикалық құрылыс моделінің – ресейлік пе әлде еуропалық па – қайсысы еліміз үшін жақын деген мәселеге Қасым-Жомарт Кемелұлы өзіміздің қазақстандық үлгіге бейілділік танытатынын айтты.

– Біз өзіміздің үлгіні жасауға тырысамыз. Демократияны дамытуға ұмтыламыз. Айтпақшы, кейбір журналистердің әртүрлі пікірлеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында демократия бар. Елімізде біз қолдау көрсетіп отырған 3500-ден астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне белгілі журналистер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, экономистер енген. Мен олармен үнемі ақылдасып, кеңесіп отырамын. Doing business (бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау сапасын анықтайтын Бүкіләлемдік банк индексі) көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 25-орында. Бұл коэффициент бойынша Ресейден алда тұрмыз, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің сыртқы саяси бағдарының басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Deutsche Welle (неміс. Неміс толқыны) немесе DW – жұмысын 1953 жылдың 3 мамырында Кельннен қысқа толқындық радио арнасы ретінде бастаған неміс мемлекеттік халықаралық теле және радио компаниясы. Қазіргі кезде «DW» 30 тілде, соның ішінде неміс, ағылшын, орыс, испан, француз, түрік, араб және т.б. тілдерінде хабар таратады. До́йчевэ́ленің ағылшын тіліндегі 24 сағаттық теледидарлық жаңалықтар арнасы бүкіл әлемге таралады және 197 миллионнан астам аудиторияны қамтиды.

 egemen.kz




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 17:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31