Саяси сахна

Қ.Тоқаев: Басты мақсат – экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру

  • https://www.akorda.kz/

    https://www.akorda.kz/

«Басты мақсат - экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 процентке өсті. Бұл қуантарлық жайт».

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарысқа қарсы іс-шаралардың және карантиндік шектеулерден кейін іскерлік белсенділік қалпына келді.

 

«Біздің міндетіміз - екінші жарты жылдықта экономика өсімі қарқынын арттыру», - деді Мемлекет басшысы.

 

Дегенмен, халықты қымбатшылық қысып тұр. Асқар Мамин келтірген дерек бойынша әлемде азық-түлік 34 процентке қымбаттаған.

 

"Жыл басынан бері мұнай бағасы да 44 процентке өсті. 1 баррелі 73 долларға дейін жетті. Металл да қымбаттады. Әлемдік инфляцияның өсуі, қаржы нарықтарында тұрақсыздық, сондай-ақ вирустың жаңа мутацияларының пайда болуы, жаһандық экономикада белгісіздік факторлары жоғары деңгейде қалып отыр», - деді Үкімет басшысы.

 

 

24.kz

 

 




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 13:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30