Саяси сахна

Қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық – Назарбаев

  • Қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық – Назарбаев

    Қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық – Назарбаев

Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын Қазақстан халқы жақсы біледі, деп мәлімдеді Елбасы.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Елбасы жыл сайын 9 мамыр күні әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығы еске алынатынын атап өтті.

"Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз. Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың  жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз", - делінген Елбасы сайтында жарияланған құттықтауда.
Назарбаев 1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын Қазақстан халқы жақсы біледі. Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибе – соның айқын дәлелі.

"Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды. Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін", - деп мәлімдеді Елбасы.

Ол қазақстандықтарға мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, ашық аспан тіледі.

sputnik.kz




Көрілген: 1079    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30