Саяси сахна

Қырғыз елінің жаңа президенті айқындалды

  • Қырғыз елінің жаңа президенті айқындалды

    Қырғыз елінің жаңа президенті айқындалды

Қырғыз Республикасында президенттік дода аяқталды. Оның алдын ала қорытындысы белгілі болды: мемлекет басшысының міндетін атқарушы Садыр Жапаров алға озды.

Көршінің Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы бүгін, 10 қаңтарда өткен мемлекеттік маңызды науқанның &ndash ел президентін сайлаудың алдын ала қорытындыларын жария етті.

Қырғыз заңнамасына сәйкес, ел басшылығын қолына алуы үшін кандидаттардың бірі дауыс бергендердің жалпы санының жартысынан &ndash 50%-ынан астамының дауысын жинауы тиіс.

Жалпы алғанда, 3 миллион 563 мың 574 қырғызстандыққа дауыс беру құқығы ұсынылды: осынша адам саусақ таңбасы секілді биометриялық деректерін тапсырған.

Жалпы алғанда, бүгін Алатаудың арғы баурайындағы ағайын елдегі барлық сайлаушылардың 50,61%-ы өз таңдауын жасады. Бұл ретте олардың дауысын мейлінше көп жинаудан 17 кандидат үміттенді.

Қырғыз ОСК мәліметінше, сайлауға үміткерлер жалпы сомасы 124,7 миллион сом (шамамен 631,3 миллион теңге) шығындаған. Соның ішінде ең көбі 67,2 миллионы &ndash С.Жапаровқа тиесілі.

Сонымен, Қырғызстандағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы келесідей:

Садыр Жапаров &ndash 79,25%,
Адахан Мадумаров &ndash 6,69%,
Бабыржан Төлбаев &ndash 2,33%,
Мықтыбек Арстанбек &ndash 1,68%,
Абдил Сегізбаев &ndash 1,46%,
Клара Сооронкулова &ndash 0,99%,
Аймен Касенов &ndash 0,91%,
Улукбек Кочкоров &ndash 0,68%,
Қанатбек Исаев &ndash 0,58%,
Элдар Абакиров &ndash 0,5%,
Курсан Асанов &ndash 0,5%,
Бақтыбек Қалмаматов &ndash 0,5%,
Равшан Джеенбеков &ndash 0,19%,
Қаныбек Иманалиев &ndash 0,18%,
Имамидин Ташов &ndash 1,18%,
Женишбек Байгуттиев &ndash 0,09%,
Арстанбек Абдылдаев &ndash 0,08%,
Барлығына қарсы дауыстар &ndash 1,33%.

aikyn.kz




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 00:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31