Саяси сахна

Қырғызстан президенті Қордайдағы жол апатына байланысты көңіл айтты

  • Қырғызстан президенті Қордайдағы жол апатына байланысты көңіл айтты

    Қырғызстан президенті Қордайдағы жол апатына байланысты көңіл айтты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қордайдағы ірі жол апатына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевқа көңіл айтты деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.


"Алматы-Ташкент жолындағы жол апатында қаза тапқандар жайлы қайғылы хабарды естіп, қабырғамыз қайысты. Қырғыз республикасы халқы атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек жазылып кетуін тілеймін", - делінген Жээнбековтың көңіл айту хабарламасында.

Еске сала кетейік, 20 сәуірде Қордайда болған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті.


Олардың қатарында сегіз Қазақстан азаматы мен үш Өзбекстан азаматы бар.




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.04.2019, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31