Саяси сахна

Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды

  • Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды

    Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды

Қырғызстандағы қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиковқа "сатқындық жасады" деген айып тағылып, ол қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kg.

Қырғыз Республикасы Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті сатқындық жасағаны үшін екі азаматтың ұсталғандығы туралы ақпарат таратты. Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бұлтартпас дәлелдер тәркіленген.

 
Артынша саясаттанушы Марат Қазақпаев пен Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиковтың ұсталғаны белгілі болды.

Екі күдікті де бір айға қамауға алынды. Қазір олар ҰҚК тергеу изоляторына жатқызылған. Бішкектің Первомай аудандық соты қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған еді.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс құпия ақпаратақа жатады. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды.

Қырғыз елінде мемлекетке опасыздық жасағандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 12:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31