Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетпек

26 қазан 2020, 18:30

Қырғызстанның уақытша президенті, премьер-министр Садыр Жапаров елдегі президенттік сайлауға қатысатындықтан, мемлекет басшысы қызметінен кетпек. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлайды.

Ол бұл шешімі туралы Қошқар ауданына барған іс сапарында айтты.

Нақтылап айтатын болсақ, саясаткер желтоқсан айының басында президенттік қызметін тоқтатады.

«Мен басқалармен бірге сайлауға түсемін. Егер халық дауысын берсе, президент боламын», &mdash дейді ол.