Қытай мен АҚШ өзара байланысын үзді

06 тамыз 2022, 21:43

Бейжің АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы спикері Нэнсидің сапарына жауап ретінде АҚШ қорғаныс министрлігі мен Қытай өкілдерінің арасындағы байланысты үзді және екі мемлекеттің аймақтық әскери қолбасшылықтары өкілдері деңгейіндегі диалогты тоқтатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.

Әскери ынтымақтастықты тоқтату туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

ҚХР да теңіз қауіпсіздігі механизмі бойынша АҚШ өкілдерімен байланысын тоқтататыны хабарланды.

 

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл елдің Тайвань тәуелсіздігін бір жақты тануға қарсы екенін айтқан. 

 

Оның пікірінше, қақтығыс пен соғыс ешкімге керек емес. Себебі оның қауіпті салдары болуы мүмкін.