Саяси сахна

Қытайдың тәліптермен келісуі қолдау ма, қорғану ма?

  • https://qazaqtimes.com/

    https://qazaqtimes.com/

Жақын жылдары Қытай мен АҚШ арасындағы стратегиялық бәсекелестік Шығыс Азия-Батыс Тынық мұхиты аймағынан Оңтүстік Азияға дейін кеңейді. Бұл өз кезегінде Ауғанстан мәселесі бойынша тиісті елдердің стратегиялық қатынастарына әсер етеді және Қытайдың Ауғанстандағы мүдделеріне әсер етті және стратегиялық өзгеріске алып келді деп жазады qazaqtimes.com тілшісі.

 

Мүдде- Егер ел басқа елге қатысты сыртқы саясатты тұжырымдаса, ол алдымен өз елінің басқа елде қандай мүдделері бар екенін, негізгі, маңызды және қосалқы мүдделері қандай екенін нақтылап, саясаттың мақсаттары, қежетті ресурстары мен іске асыру әдістерін анықтауы керек.

 

Қытайдың Ауғанстандағы мүдделері туралы мәселеге оралсақ.

 

Қытай Халықарылқ қатынастар сарапшыларының мынадай пайымдамаларын көрсетуге болады.

 

Қытайлық зеріттеуші Чжао Хуашэн өз зеріттеуінде балай деп пайымдаған:

« Шыңжаңның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Қытайдың Ауғанстан саясатының маңызы болып табылады. Шынжаң мәселесінде «Шығыс Түркістан» - оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер ететін ең үлкен ішкі қауіп, ал Ауғанстан - ең үлкен сыртқы қауіп. «Шығыс Түркістан »Ұйымы мен Талибан мен Аль -Каида. Байланыста»[1]. Танымал зеріттеуші Фу Юхонг зеріттеуінде: « Ауғанстандағы «үш күш» (Террористік күштер (терроризм), ұлттық сепаратистік күштер (сепаратизм), діни экстремистік күштер (экстремизм)) Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді, ал Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда дайындалған «Шығыс Түркістан» сепаратистері Батыс Қытайдың қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп, егер ауған тәліптері билікке қайта оралса немесе ауған үкіметі әлсіз күйде қала берсе, «Шығыс Түркістан» элементтері Ауғанстанды пайдалана алатындай Ауғанстан Талибандары, Әл -Каида және басқа да бүлікші қарулы және зорлық -зомбылық террористік топтардың қолдау алуы мұмкін, Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін база ретінде қалудан сақтану керек [2]».

 

Қытай зеріттеушілерінің бұл пайымдамасы тек бір жақты фактор.

 

Кейінгі зеріттеушілер екінші факторды біргер ескеру керектігін пайымдады, Қытайдың Ауғанстандағы маңызды мүддесінің екінші жағы - экономикалық мүдде, яғни Ауғанстанның географиялық артықшылықтарын пайдаланып, нарыққа шығу- «Белдеу және жол», «Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі» және Орталық Азия-Оңтүстік Азиямен экономикалық ынтымақтастық, ресурстық және энергетикалық даму[3].  

 

АҚШ әскері Ауғанстаннан біртіндеп шегінгенен кейін, талибандар қайта оралып билікке келді, дегенмен ел ішінде бірқагша топтар тәлибанға қарысы соғыс ашатынын жаря етті.

 

Қытай есепті ерте соқты, Қытай зеріттеушісі былай деп баяндады:

«Талибан» әскери артықшылығын мықтап алады және Қытай, Ресей және Иран сияқты көршілес державалармен жақсы қарым-қатынаста болады, тіпті олар Қытаймен «өзара пайда мен жеңіске» жету үшін «Белдеу мен жол» жоспарына қосылуды қарастыруы мүмкін. Ауғанстан «экономикалық қалпына келуге» қол жеткізеді. Бірақ тағы да айта кетерім бұл ең жақсы болжам [4]».

 

2021 жылы 28 шілдеде ҚХР Мемлекеттік кеңесші және Сыртқы істер министрі Ван И Тяньцзинде Ауғанстанның Талибан саяси комитетінің басшысы Баладармен және оның группасымен кездесті. Ван И Қытайдың Ауғанстанның ең үлкен көршісі екенін және Ауғанстанның егемендік тәуелсіздігі мен тұтастығын құрметтейтінін, Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауды ұстанатынын және барлық ауған халқына бағытталған достық саясатты ұстанатынын айтты[5].

 

Бұнда Қытай ерте түспал жасады, егер Ауғанстанда қайтадан соғыс басталса, АҚШ әскери қарулы күшін жалғасы шегініуін ұзартуы мұмкін, Егер Америка бүтіндей шегінсе Қытай мен Ресей Ауғанстан үшін қаржы және жұмыс күшін жұмсап дамытуға міндеттеме арқалауға дайынба ? -деген сұрақ туындайды.

 

Егер Ауғанстандағы өзгерістер Қытайдың Шыңжаңның тұрақтылығына әсер етпесе, Қытай Ауғанстанның іс -әрекетін мұқият бақылап отыруы мұмкін. 

 

Иран Ауғанстанда шиіттердің кейбір қарулы күштерін қолдау көрсетуі мүмкін. Бұл АҚШ мүддесіне тиімді емес.

 

Бұнда жәнеде бір Тероризімнен сақтанушы өңірдегі белді ойыншы Үндістанды да айта кету керек, Пакистан мен Үндістан арасындағы ежелден бар шиеленіске жаңа баға беруші тәліптердің келуі керек пе ?

 

Бұл сұрақтар қазіргі осы аталған елдердің сыртқы стратегиялық органдарының ойланатын басты мәселесі.

 

 

 




Көрілген: 1615    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31